Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бір топ жасөспірім қыспаққа алып, ұрып-соғып, азаптап, қорлаған". Ақтауда 13 жастағы оқушынының зорланғаны анықталды

17:08, 24 желтоқсан 2025

Ақтау қаласында 13 жастағы мектеп оқушысын зорлық-зомбылық көргені туралы қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. Бұл ақпаратты #НеМолчиKZ қоғамдық ұйымы хабарлады, деп жазды Alash.kz.

Ұйым мәліметінше, оқиға 2024 жылдың қыркүйек айында болған. Жәбірленуші қыз мектептен кейін бірнеше рет жасөспірімдер тарапынан қысымға ұшырап, ұрып-соғылған, қорланған және бұл оқиғалар бейнежазбаға түсірілген. Алғашында отбасы бұл жағдайды мектептегі әлімжеттік деп қабылдаған.

Қыз бала психологиялық күйзелістен кейін үйде оқуға ауыстырылған және медициналық, психологиялық көмек алуда. Қоғамдық ұйым өкілдері оның ұзақ уақыт ауыр күйзеліс жағдайында болғанын атап өтті.

Баланың анасы осы дерек бойынша полицияға және Маңғыстау облысының прокуратурасына 2024 жылдың қыркүйегінде арызданған. Дегенмен, тергеу жұмыстарының баяу жүріп жатқаны қоғамда алаңдаушылық туғызды. Осыған байланысты #НеМолчиKZ өкілдері істі ерекше бақылауға алуды сұрап, тиісті мемлекеттік органдарға жүгінген.

Қазіргі уақытта қыз бала үйде оқуға ауыстырылған және медициналық, психологиялық көмек алуда. Баланың анасы полицияға және Маңғыстау облысының прокуратурасына арыз берген, алайда тергеу жұмыстарының баяу жүргізілуі қоғамда алаңдаушылық туғызған.

Маңғыстау облысы Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 120-бабы, 4-бөлігі бойынша іс қозғалғанын хабарлады. Тергеу шаралары жалғасуда, қосымша ақпарат жарияланбайды.

Қылмыстық іс Полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар