Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бір сәттік босау, кімнің басынан өтпей жатыр?!: Мұхамеджан Тазабек аяғын уқалатқан ұстазды қорғап шықты

18:15, 16 наурыз 2025 367

Мұхамеджан Тазабек Сарыағаш ауданындағы мешітте балаларға аяғын сипатқан ұстазға қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Alash.kz.

«Кей кісілерді білесің. Білген соң, уайымдамайсың, жәй, күлесің… Онсыз да бүгін айтқанынан ертең тайып, ертең істегенін арғы күні ұмытып жүргендерді аяйсың, ілесушілерге тура жол тілейсің…

Тарих қайталана береді. Пенделер қателесе береді».

 

«Пайғамбар да (с.ғ.с) зұлымдық көрген, одан кім ұтылды?! Сексенінші жылдары Әбекең әскерде болған. Болғанда да Ауғандағы соғысқа түскен. Барғаннан ишанның баласы, бала кезден оқыған намазын сол жерде де жалғастырған ғой. Кеңестің атеист командирлері бірден бас салған, тиым салған, соңында намаз оқып жатқанда алды-артынан оқ жаудырған. Әбекең тоқтатпаған. Олар да қайтпаған. Екі жыл сол қатер, кеткенше құлшылығын жасап кеткен…», — деп жазды ол. 

Елді шулатқан молда әскерден соң Ташкентте ілім алып, алмағайып заман болғанда Орта Азияның бас мүфтиіне оққағар болып жүрген. Муфтиді бүлікшілерден сақтап, басын оққа байлаған батыр да болыпты. 

«Ғұламалардың батасын алған, ғалымдардың дұғасында болған… Елге келген соң ата жолын жалғастырған, әкесінің құтпа таяғын қолына алып, бала оқытқан, інілерін оқуға берген, “тапсырма орындаушылармен”тартысып жүріп, медресе салған, шаруашылық жүргізген…

Көп сапарлас болдым. Тұқымы тұздай құрып бара жатқан “еркектік, батырлық, хақ үшін басын бәйгеге тіге салу” дегенді осы кісіден көрдім. Бір күн тойып тамақ жесе, бір апта сумен жүре беру, түнгі намазды жібермеу, үш-төрт сағат ұйқымен өмір өткізу - Әбекең үшін жәй ғана ғұмыр…

Дұғасы қабыл боп, досының болысқанын, жауының жығылғанын, жобасының жолға қойылғанын - сәт сайын көріп келеміз. Жүздеген имам, мыңдаған шәкірт бұл кісі үшін дұғада екеніне куәміз…»,  — деп жазған Мұхамеджан Тазабек. 

«Бір сәттік босау, жауапсыз түсірілім - қай тойда, қандай отырыста, кімнің басынан өтпей жатыр?! Қойылып жатқан тақырыптар, жазылып жатқан пікірлерді оқып, ренжімедім, еріксіз күлдім… Пайғамбар (с.ғ.с) жасына келген, оқтан қайтпаған, аштыққа сынбаған, Алла үшін жанын беруге даяр ақсақалды кім немен қорқытып, неден қайтармақ?! Алланың қаһарынан, мазлұмның дұғасынан өзіміз қорқуымыз керек… Әбекең ағамыз мейірімді мұсылман. Біреуге ренжіп, біреуді тілдемейтіні айдан анық. Алла пана болсын! Мұндай шабуылға шыдау, білмеске ренжімеу, сынаққа сабыр ету, өсекті өткізіп жіберу - қай заманнан, әлгі бір кісі айтқандай, Әбекең үшін “сән ғой”, ол… Қасиетті ай, оның үстіне бүгін жұма, өзімізге де, өзгеге де жақсылық тілейік. Кешке президентіміз Бурабайдан бастап, барлық өңірлерде ауызашар беріп жатыр екен, Алла қабыл етсін! Алла елімізді сыртқы жаудан, ішкі даудан сақтасын! Ақасақалын мазақтап, кішілерін басынып, дәстүрін мансұқтап, дінінен мақрұм боп, өзгенің қолындағы құрал, жаттың жолындағы құрбан боп кетуден Алла пана болсын!», — деп аяқтады ол сөзін.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар