Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бір нәрсе тұтынып алып дөрекі сөйледі: Төреғалидің бұрынғы продюсері оның “ішетінін” айтты

09:37, 18 қараша 2024 899

Танымал әнші Төреғали Төреәлі мен оның бұрынғы продюсері Жан Мұқанов не үшін сөзге келіп қалғаны айтылды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап. 

Төреғали Төреәлі мен Жан Мұқановтың бірге жұмыс істеуі продюсер үшін қаржылық шығынмен аяқталды. Мұқановтың айтуынша, концерттер ұйымдастыру кезінде 46 миллион теңгеге жуық қаражат жұмсалған.

Продюсер жетпеген қаржыны өз қалтасынан шығаруға мәжбүр болған екен.

«Төреғалиға жағдайды түсіндіріп, шамамен 10-12 концерт өткізу қажет екенін айттым. Бірақ ол маған: «Жан, бұл сенің проблемаң» деп жауап берді. Ол кезде әнші шаршаған немесе бір нәрсе тұтынғандай болып көрінді. Маған бұл жағдай ауыр тиді, себебі ол мені бұрын әрдайым «Жан аға» деп атайтын, ал бұл жолы тек «Жан» деп, яғни «сен» деп сөйледі», – деді продюсер.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар