Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бір күн үшін бірнеше “ондық” алдым. Олар ақшаға қарамайды". Голливуд стилисі Әлия Назарбаеваның асқан жомарттығы туралы айтты

19:08, 19 желтоқсан 2025

Голливудтық визажист әрі стилист Роберт Минасян 15–20 жыл бұрын Алматыға жасаған сапарын еске алды. Оның айтуынша, ол сол кезде Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаеваның туған күніне шақырылған, деп хабарлайды  Alash.kz.

RuSy in America YouTube-арнасында бұл туралы сөз болды.

Журналист және блогер Рустам Солнцев аталған видеоны өзінің YouTube-арнасында жариялаған. Онда Роберт Минасян Алматыда бес күн болғанын, сол уақыт ішінде бір күндік макияж қызметі үшін қомақты сыйақы алғанын айтады.

«Әлия Назарбаева мені туған күніне макияж жасау үшін шақырды. Алматыда бес күн болдым. Бір күндік жұмыс үшін бірнеше “ондық” алдым. Олар ақшаға қарамады», – дейді стилист.

Минасян нақты қандай валютада төлем жасалғанын айтпады. Алайда оның сөзінше, бұл сома шамамен 10 мың АҚШ доллары болуы мүмкін.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар