Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Бибісара – еліміздің патриоты»: Министрлік Асаубаеваның азаматтық ауыстыру мәселесі туралы айтты

14:25, 26 маусым 2026

Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев шахматшы Бибісара Асаубаеваның өзге елдің азаматтығын алуы мүмкін деген қауесеттерді жоққа шығарып, оның мемлекетшілдігін ерекше атап өтті, деп хабарлайды Alash.kz.

Соңғы уақытта БАҚ пен әлеуметтік желілерде танымал отандық шахматшы Бибісара Асаубаеваның азаматтығын ауыстыруы мүмкін деген ақпараттар тарай бастаған болатын. Осыған байланысты пікір білдірген Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев бұл әңгімелердің ешқандай қисынды әрі ресми негізі жоқ екенін кесіп айтты.

Оның мәлімдеуінше, қазіргі уақытта спортшы қызды мемлекет тарапынан қолдау және оны тиісті деңгейде қаржыландыруға қатысты туындаған барлық сұрақтар толығымен өз шешімін тапқан. Министрлік өкілі ел намысын қорғап жүрген гроссмейстерге қатысты былай деді:

Бибісараның азаматтық ауыстыру мәселесі туралы ешқандай сұрақ туындаған жоқ. Бұл әңгімені кімнің шығарғанын білмеймін. Бибісара –  еліміздің нағыз патриоты!

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар