Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бетперде таққан жігіт тағы азаматтық жасады. Бұл жолы мүгедек балаларға пәтер мен көлік сыйлады

25 мамыр 2024 901

Ұлттық ақпараттық кеңістікте бетпеде киген жігіт мәнерімен елге жақсылық жасап, қалың көпшіліктің алғысын алып жүрген азамат тағы қуантты.Ол мүгедек екі баланың әкесіне пәтер мен көлік сыйлады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Видеодан байқағанымыздай, ер адамның балалары да, әйелі де мүгедек екені айтылады. Ал, өзінің (кейіпкер) бос уақытта такси жүргізушісі болып жұмыс істеп, отбасын асырауға тырысып жүргені сөз болады. 

Әкенің басты арманы - екі қызының сапалы білім алғаны.

Ер адамның тағдыры әсер еткен “бетперде киген жігіт” оны шын мәнінде қуантуды шешіпті. Ол екі баланың әкесіне емделу үшін қолма-қол ақша беріп, сонымен қатар оған жаңа пәтер мен көліктің кілттерін сыйлады.

Естеріңізде болса, бұған дейін бетперде киген жігіт су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсеткен еді. Жалпы, елдің назарын өзіне аударып, құрметке бөленген жігіт біраз уақыттан бері жарлы адамдарға көмек көрсетіп келеді. Бірде алты баласы бар жалғызбасты әйелге баспана кілтін сыйласа,тағы бірде жұмбақ жігіт жертөледе тұрып жатқан анаға үй алып берді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?