Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Бет сүйегі, мұрын қуысы, көз ұялары зақымданған”: Әйелін мүгедек еткен еркек туралы адам шошырлық ақпарат шықты

17:36, 25 шілде 2025 793

Салтанат Нүкенованың құқығын қорғаған танымал заңгер Жанна Мухамади күйеуінен қорлық көрген клиенті туралы сұмдық мәлімдеме жасады, деп жазады Alash.kz. 
Бұл туралы адвокат Facebook парақшасында жариялады. Аталмыш оқиғаға үш бірдей көлемді пост арнаған Жанна Мухамади әйелін аяусыз ұрған адаммен 3 жыл бойы күресіп келе жатқанын айтқан.

Мен екі баланың анасы, жас әрі көрікті Алтынай есімді дәрңгер арудың мүддесін қорғаймын. 2022 жылдың наурызында күйеуі оны ауыр жарақаттап, мүгедек етіп қойды.

Сот-медициналық сараптаманың №311 қорытындысына сәйкес, 2022 жылғы 14 сәуірде Нұрсолтанова А.Р.-да мынадай жарақаттар анықталған:

  • жабық бас-ми жарақаты;
  • бастың шашты бөлігінде соғылған жара;
  • сол жақ көз маңындағы гематома;
  • көз асты қан құйылуы;
  • ішінара гемофальм (көз ішіне қан кету);
  • маңдай қуысының алдыңғы қабырғасының сынығы, сыну сызығы сол жақ көз ұясының жоғарғы, медиальды және латеральды қабырғаларына дейін таралған;
  • сол жақтағы жоғарғы жақ қуысының алдыңғы, бүйір және төменгі қабырғаларының көп жарықты сынығы, сүйек сынықтарының орын ауыстыруымен;
  • бет сүйегінің доғасының сол жақтағы көп жарықты сынығы, сүйек сынықтарының ұзындық пен ен бойынша ығысуымен;
  • ми шайқалуы.

Бұл жарақаттар доғал қатты затпен ұру салдарынан пайда болған және жиынтығында денсаулыққа ауыр зиян келтіру ретінде бағаланады.

2024 жылдың қазанында Алтынай Кореяда сегіз сағатқа созылған төртінші қалпына келтіру операциясын бастан өткерді. Алда әлі бірнеше ота бар, соның ішінде көз жанарын қалпына келтіру де бар. Ол бұрынғы күйеуін сотқа беріп, отаға кеткен шығынды өндіріп алмақ болды. Сот шағымды ішінара қанағаттандырды. 
Бірақ, жақында айыпталушы өз әйеліне “Алтынай пластикалық отаның ақысын өндіріп алғысы келеді” деген уәжбен аппелияциялық шағым түсірген. 

“Бұл не деген арсыздық? Алтынай небәрі 30-ға енді толды. Егер күйеуі өз әйелін ұруға құқығы бар деп шешпесе, оған ешқандай ота қажет болмас еді” дейді адвокат. 

Әйелдің гүл ғұмырын күл қылған оқиға туралы Жанна Мухамади :

“Әйелін бей-берекет балағаттап, ұрып-соғып видеоға түсірген. Алтынайдың бет сүйектері, көз ұясы, мұрын қуысы күл-талқан болған. Оның беті ұсақ сүйек сынықтарына бөлінген. Сотта оның күйеуі қолмен ұрыс (рукопашный бой) бойынша кәсіби спортшы екені де дәлелденді” деді.


Астана қалалық соты Алтынайдың бұрынғы күйеуінің апелляциялық шағымын қанағаттандырудан бас тартып, бірінші сатыдағы сот шешімін күшінде қалдырды. 

Құқық бұзған ер адам мерзімінен бұрын босап шығуға да өтініш білдірген. Бірақ, бұл да орындалмады. Сотта айыпталушының екі жылда 18 рет ішкі тәртіпті бұзғаны анықталды. Сол себепті Зеренді аудандық соты оны босатудан бас тартты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар