Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Белбеумен аяусыз ұрды, ал мен жүкті едім…” Танымал рэпердің әйелі ауыр шындықты айтты

14:37, 04 шілде 2025 552

Жастар арасында кеңінен танымал Qurt(шын аты - Дамир Қойшыбаев) есімді рэпердің жұбайы Аружан Қойшыбаева, 4 шілдеге қараған түні Instagram желісінде тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген туралы айтып, көпшіліктен көмек сұрады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Келіншектің айтуынша, 27 маусымда күйеуі өзін бір сағат бойы былғары белбеумен еш аяусыз ұрған.  Соққы салдарынан белбеу жыртылып, темір ілгегі ұшып кеткен. Соған қарамастан, Дамир басқа белбеу алып, айуандық әрекетін жалғастырған.

Сау-тамтығы қалмаған әйел көршісінің көмекке жүгініп, артынша құзырлы органдарды шақырған. 
Қазір Аружан қарашадан адвокатқа қаражат жинау үстінде.
Әндерінде бейпіл сөздер жиі ұшырасатын рэпердің өзі елден кетуге дайындалып жатқан көрінеді. Ал оның жақындары мен туыстары Аружанға арызды қайтарып алу үшін түрлі қысым көрсеткен. Рэпердің анасы тіпті оның үйіне келіп, арызды қайтарып алуға көндірмек болған. 



Айта кетерлігі, тұрмыстық зорлық-зомбылық орын алған тұста келіншек жүкті болған. “Ерекше жағдайымды біле тұра күйеуім осындай қадамға барды” дейді Аружан. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар