Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бекзат Саттарханов пен Денис Теннің анасы алғысқа бөленді

17:03, 12 қазан 2024 165
Туризм және спорт министрі саңлақ спортшылар Бекзат Саттарханов пен Денис Теннің аналарымен кездесті, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы 24kz_tv-ге сілтеп. 

Министр халықаралық аренада еліміздің көк Туын көкте желбіретіп, Әнұранымызды байрақты бәсекелерде шырқатқан саңлақтар бүгінде арамыздан алыстап кетсе де, олардың рухын ұлықтау және есімін ел жадында мәңгі сақтау жолында қос ананың аянбай еңбек етіп жүргенін атап өтті.
«Халқымыз «Алып анадан туады» деп бекер айтпаған. Шынында да, адам бойындағы асыл қасиет пен таудай талап ананың ақ сүтімен дариды. Ана баласына берген тәрбиесі мен шексіз махаббаты оның болашағына жарқын жол ашады. Сіздер ұлдарыңызды спорт үйірмесіне қаршадайынан жетелеп апарып, чемпион атануы үшін барлық жағдайды жасадыңыздар. Саңлақтарымыз арамыздан алыстап кетсе де, олардың рухын ұлықтау, есімін ел жадында мәңгі сақтау жолында аянбай еңбек етіп жүргендеріңізге куәміз. Батырларымыздың аты өшпей, әлі күнге дейін жас жеткіншектердің кумирі болып келе жатқаны ең алдымен, сіздердің арқаларыңыз», – деді Ербол Мырзабосынов.
 
 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?