Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Байден: "Трамп Украинаны Ресейдің "аяғына жығылып", территорияларынан бас тартуға үгіттейді"

19:34, 10 сәуір 2024 671

Байден алдағы сайлау қорытындысына қатысты пікір білдірді. Ол Трамп сайлауда жеңіске жеткен жағдайда Украинаны жеңілуге үгіттеп, территорияларынан бас тартуға мәжбүрлейтінін мәлімдеді, деп хабарлады Alash.KZ ұлттық порталы. 

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп қараша айындағы сайлауда жеңіске жеткен жағдайда Ресейге болысып, Украинаны Ресейдің "аяғына жығылуға" үгіттейді.Бұл туралы 9 сәуірде қазіргі америкалық көшбасшы Джо Байден ескертті.

Байден Трампты Конгресстегі өз партиясының өкілдерінен Украинаға қосымша көмекке қарсы дауыс беруді талап еткені үшін сынға алды.

"Бізде Украинаны қолдауды жалғастыратын мәміле жасауға мүмкіндік болды. Ол [Трамп] телефонды алып, республикалық сенаторларға қоңырау шалып: "бұл үшін дауыс бермеңіз. Мұны жасамаңыз". Неліктен? Себебі ол [Ресей президенті Владимир] Путинді ренжіткісі келмейді", — деп атап өтті американдық көшбасшы Чикагодағы (Иллинойс штаты) сайлау науқанына қаражат жинау шарасында.

Байден Трамптың Украина үшін белгілі бір "құпия жоспар" жасағанын, бірақ оның мазмұны туралы білетінін айтты.

"Мен құпияның не екенін білемін деп ойлаймын. Егер ол президент болса, онда Украинаны бейбітшілікке қол жеткізу үшін өз жерінің үлкен бөлігінен бас тартуға мәжбүр ететін бірдеңе ойлап табады",-деді.

Бұл жайлы айтқан АҚШ президентінің сөздері Ақ үйдің сайтында жарияланды.

Реті келгенде айта кетейік, Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенттігіне Республикалық партия атынан үміткер Дональд Трампты Украинаға арнайы шақырды.

Ол Axel Springer медиа холдингіне берген сұхбатында Трамптың Украина мен Ресей арасындағы соғысты тоқтату туралы ұсыныстарын тыңдағысы келетінін айтты.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар