Джо Байден АҚШ-тың жоғарғы мемлекеттік лауазымына қайта сайлану үшін өзінің кандидатурасын алып тастағысы келмейтінін атап өтті. Ол өзін "Путинді тоқтатып, НАТО-ны біріктірген адам" ретінде бағалады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.
АҚШ президенті Джо Байден 5 шілде, жұма күнінің кешінде америкалық ABS телеарнасына сұхбат берді. Сұхбатында өзін президент болудан бас тартуға тек Құдай ғана күші жететінін мәлімдеді. Журналист одан конгресстегі демократтар қолқа салып сайлану мүмкіндігіне нұқсан келтірген жағдайна не істейтінін білмек болды. Байден мұндай сауалға күліп жауап берді:
"Егер құдіретті күшті Жаратқан жерге төмен түсіп, маған мұны істеуді айтса, мен бас тартуым мүмкін", - деді.
Орайы келгенде айта кетейік, Байден Республикалық партияның өкілі, қарсыласы Дональд Трамппен болған телетартысты сәтсіз деп бағалады. Президенттің айтуынша, сол күні кешке қатты суық тиген, мазасы қашқан.
"Мен шаршадым. Мен пікірталасқа дайындалу барысында өз сана-сезімімді ескермедім, тыңдамадым. Менде жаман түн болды. Неге екенін әлі білмеймін", - деді Байден.