Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Батыс Қазақстан облысында 455 үй су астында қалған

18:21, 29 наурыз 2024 329

ТЖ министрлігі Батыс Қазақстан облысында 455 тұрғын үй, 17 әлеуметтік нысан су астында қалғанын мәлімдеді.

Қаратөбе ауданында құтқару жұмыстарына екі тікұшақ жұмылдырылған.

"Қазіргі уақытта Қоржын ауылындағы мектепке 350 адам эвакуацияланды. Ақсу кентінде 46 үйден 150 адам эвакуацияланды" деп жазылған министрлік хабарламасында.

Су басқан ауылда тұрғындар бір трактор және бір қайықпен өздері эвакуация жасап, мектепке жиналған. Айтуларынша, бүкіл ауыл суға кеткен. Тұрғындар суықтан балалар ауырып қалды дейді.

Зардап шеккендерге Оралдағы қарапайым азаматтар қол ұшын созып, көмектесіп жатыр. Жүк көлігінде азық-түлік, киім-кешек бар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар