Семейде шырша безендіруде зардап шеккен мұғалім Қуат Айтқалиевтің әйелі Сымбат Аянқызы күйеуі зардап шеккен оқиға туралы айтып берді, деп хабарлайды Alash.kz Kaskelen.kz инстаграм парақшасына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, өзі де, күйеуі мұғалімдік қызметте, жарының жұмыс істеп жүргеніне 10 жылдан асқан.
Отбасының бір баласы бар. Күйеуі оқиға болғаннан кейін екі күн жансақтау бөлімінде жатқан.
Зардап шегушілер бұл жағдайға әкімдік кінәлі деп отыр.
Себебі шыршаны безендіруге қаражат бөлінсе де бұл жұмысты мұғалімдерге жасатқан.