Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Басшылыққа емес, отбасына керек: Шыршадан құлаған мұғалім туралы тың ақпарат шықты

14:07, 23 желтоқсан 2024 257

Семейде қалалық шыршаны безендіру кезінде биіктен құлаған адам мектеп мұғалімі әрі жазушы Қуат Айтқали екені белгілі болды.

Бұл туралы оның досы Біржан Ахмер желіде жазды, деп хабарлайды Alash.kz Sкifnews.kz  сайтына сілтеп.

Оның айтуынша, қазір биіктіктен құлаған Қуат Айтқали жансақтау бөлімінде жатыр.

«Ол №49 мектепте жұмыс істейді. Қазір науқастың жағдайы ауыр. Мәселеге тікелей қатысы бар тұлғалар ел алдында жауап береді деп ойлаймыз. Қуаттың денсаулығы мектеп басшылығына емес, өзіне, отбасына керек. Мұғалімдерді осындай жұмысқа тарту қаншалықты дұрыс? Досыма амандық тілеймін. Тезірек сауығып кетсін», - деп жазды Біржан Ахмер желідегі парақшасында

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар