Астанада үстіне кондиционер құлап қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның жақындары оның жанкештілігі мен соңғы сәттерін еске алды, деп хабарлайды Alash.kz.
Ақ босаға аттағанына 20 күн де толмаған марқұмның қайын әпкесі Назерке Жайнел өз жазбасында келінінің кәсіби өмірі мен адамгершілік қасиеттерін ерлікке балады.
«Жап-жарық жұлдызым, аппақ келінім… Бұл өмірге сыймай кеттің ғой. Алла өз қалауымен арамыздан алып қойды. Өміріңді қиып, басқа біреуді құтқарып, өзің үнсіз ғана бізді тастап кеттің… Сен — біздің мақтанышымызсың, сен — нағыз батырсың», — деп жазған.