Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Бас сүйегінің бір бөлігін алып тастаған»: Тоғайда ауыр жараланған 19 жасар Селинаның жағдайы белгілі болды

16:53, 03 шілде 2026

Алматыдағы Баум тоғайында серуендеп жүргенде үстіне құрғақ ағаш құлаған 19 жасар Селинаның жансақтау бөлімінде ес-түссіз (комада) жатқанына бір аптаға жуықтады, деп хабарлайды Alash.kz.

Қайғылы оқиға үстіміздегі жылдың 27 маусымында орын алған. Бойжеткен анасымен және кішкентай сіңлілерімен бірге саябақ ішінде қыдырып жүрген сәтте, кенеттен оның үстіне шіріген үлкен ағаш құлаған. Сұмдық жағдайдың салдарынан жас қыз өте ауыр жарақаттар алды. Оың бас сүйегі сынып, жамбасы зақымданған, сонымен қатар аяғы ашық сынып, денесінің өзге де мүшелері қатты соққыдан зардап шеккен.

Оқиғадан соң бойжеткен шұғыл түрде № 4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Жағдайының тым ауыр болуына байланысты ол бірден жансақтау бөліміне жатқызылып, өкпені жасанды желдету (ӨЖВ) аппаратына қосылды. Қазіргі уақытта ақ халаттылар оның өмірін арашалап қалу үшін барын салып, күресіп жатыр.

Бұл төтенше жағдайға қатысты қазіргі таңда арнайы сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Ал бұл уақытта Алматы қаласының әкімдігі ресми мәлімдеме жасап, Баум тоғайының ішінде келушілерге ағаштардың құлау қаупі бар екенін алдын ала ескертетін арнайы белгілердің орнатылғанын алға тартты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар