Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Бас-ми жарақатын алған. Мектеп директоры жұмыстан кетті». Семейде сыныптастары қорлаған оқушыға қатысты тың ақпарат

11:17, 27 ақпан 2025 765

Семейде дәрігерлер соққыға жығылған 6 сынып оқушысының қазіргі жағдайын айтып берді, деп жазады Alash.KZ.

2013 жылы туған баланың жабық бас-ми жарақаты, басында және аяқтарында көптеген гематомалар анықталды. Оған медициналық және психологиялық көмек көрсетілді.

Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, баланың жағдайы салыстырмалы түрде қанағаттанарлық. Оны тексеріп, өміріне қауіп жоқ екенін анықтады. Пациент педиатр, травматолог және невропатологтың бақылауында.

Ал сол мектептің директоры жұмыстан шығарылды. Бұл туралы Абай облыстық Білім басқармасы хабарлады.

№9 мектеп директоры қызметінен босатылып, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына қатаң сөгіс берілді.

№15 мектеп директоры мен Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицейі интернатының директоры сөгіс алды.

Мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері мен мектеп психологтарына тәртіптік жаза қолданылды.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар