Блогер Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы жұбайы Фариза Алмасқызы экс-күйеуінің үстінен арыз түсіретінін мәлімдеді. Бұл туралы Alash.kz хабарлады.
Фариза Алмасқызы адвокатпен кездесіп, сенімхат рәсімдеген. Осыдан кейін құқықтық процесс басталмақ. Оның сөзінше, бұрынғы күйеуі айтқан сөздері мен жасаған әрекеттері үшін заң аясында жауап беретін болады.
«Бүгін адвокатпен кездестім, сенімхат жасалды. Енді процесс басталады. Барлық айтқан сөздері, жала жапқаны, ата-анама, балаларыма және әулетіме тіл тигізгені үшін заңды түрде жауап береді», — деп жазды Фариза Алмасқызы.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде блогер Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-жұбайына қатысты айтқан сөздеріне байланысты желі қолданушылары тарапынан бойкот жарияланғаны хабарланған болатын.