Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Бар қазаққа менсінбей, күле қарайтындар 30 жыл бойы ел басқарып келе жатыр" - ақын Қайсар Қауымбек

09:44, 05 желтоқсан 2024 575

Ақын Қайсар Қауымбек ойсалар жазба жариялады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Ақын ұлт ардақтысы Шерхан Мұртазаның сөзін алға тартып, саяси құбылыстарды өз ойымен өрбітті:

Маған осы сөздегі Шері-Шерханның сөзінен бұрын, ұлт зиялысы болған мына элитаның эмоциясы қатты әсер етеді. «Қазақ тілі – намыс, Орыс тілі – еркін тіл» болсын деген Шерінің осы жанайқайын көзін басып түңіліп, самайын сипап екұдай болып, мүлдем немқұрайды қалып танытып, құлағын басып тыңдамасқа салып, «мына бейшараны қара дегендей» бір-біре күле қарап, шындық екеніне көзі жетсе де үрейленіп отырғаны жан-жүйеңді құлазытып жібереді.
Меніңше ұлтқа жасалатын ең ұлы қиянат – ұлт үшін жанын берген осындай тұлғаларды өзге қолмен «өлтіру» емес, өз халқымыздың соларға менсінбей күле қарағанының, немқұрайлы қарағанының осы бір арсыз көзқарасы секілді.
Жан күйеді, жүрек ауырады. Бәрінен қорлығы – отыз жыл бойы сол элитаның, «әке күлкісін, әке көзқарасын» көріп өскен балаларының бүкіл елді әлі де басқарып келе жатқаны! Бар қазаққа менсінбей, күле қарайтыны! Ал, Шерхандар ғұмырының соңында бәрібір елеусіз қала [ды]... - деп жазды ақын.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар