Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Бақыттың тағдыры бақытты шешілді ме?: Елден қуылған Шерзаттың әпкесі туралы тың ақпарат шықты

09:51, 15 қаңтар 2025 296

Шерзат Болаттың әпкесі Бақыт Рейімова елде қалатын болды, деп хабарлайды ALASH.KZ Orda.kz.  сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы оның адвокаты Мейірман Шәкеев мәлімдеді.

Қаржаубайдың туысы Бақыт Рейімова «митингке шақырды» деген айыппен 15 күнге қамалған еді. Өзге ел азаматы болғандықтан ол Қазақстаннан депортациялануы керек болған. Бақыт Реймова елден шығарылса, оның кәмелетке толмаған баласы Мейірбек Рейімов асыраушысыз қалуы мүмкін екенін жазғанбыз. 

 

«Қазақстан Республикасының бас прокуратурасы, парламент депуттары, БҰҰ, балалар құқықтары жөніндегі уәкілі, адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы арқылы түсірген өтінішхаттарымыз облыс прокуратурасымен назарға алынып, Бақыт Рейімоваға қатысты Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберумен байланысты емес жаза қолдану үшін, Қазақстан Республикасы жоғарғы сотына  кассациялық наразылық келтіру туралы Қазақстан Республикасының бас прокуратурасына ұсыныс жолданды. Енді  прокуратураның наразылығын шегелеуі ғана қалды», - деді Бақыттың адвокаты. 

Бақыт Рейімова қазақ еліне алғыс айтты. 

«Бірінші Аллаға ризамын. Халқыма рақмет! Қаншама кісілер дұғада болды. Адвокатыма рақмет», - деді ол. 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар