Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ертең Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді, неге?

Ертең Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді, неге?

2026 жылғы 13 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің көлік-логистика саласын дамыту мәселелері бойынша шұғыл отырысы өтеді, деп жазады Alash.kz

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров: «Жиын барысында президент «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің позициясын жеткізеді», - деп мәлімдеді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы «Заң мен Тәртіп» қағидатын сақтау, ұлттық компания басшыларының жеке жауапкершілігі және еліміздегі стратегиялық маңызды кәсіпорындардың қызметіндегі заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз ету мәселелеріне айрықша назар аударады.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар