Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекованың баласы Заңғар мен келіні Индира жақсы жаңалықтарын айтып, желіде сүйіншіледі деп жазады Alash.kz.
Жас отбасы қатарларының толығатынын жеткізіп, ерекше фотосессиясын жариялады. Аталған постта Заңғар мен Индира сәби күтіп жүргендерін қуанышпен жеткізді.
“Бақытты отбасымыз тағы бур жүрек соғысымен толықпақ!”, - деп жазды жұлдызды жұп.
Желі оқырмандары жас отбасының күтіп жүрген сәбиіне құтты болсын айтып, ақжарма тілектерін жаудырды.