Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Бақытты әйелдің маскасын кидім…”: Жүкті кезінде күйеуінен таяқ жеген блогер бар шындықты жайып салды

19:15, 03 тамыз 2025 444

Блогер Назира Зару өз парақшасында экс-жұбайынан алған дене жарақаттарын жариялады, деп жазады Alash.kz.

Назираның айтуынша, бұрынғы күйеуі оны жүктілігіне қарамастан, ұрып-соққан. Ал, таяқтауының басты мотиві “бөгде әйел” көрінеді:

Екіқабат бола бергім келетін еді… Қайдан білейін, жүкті болып та таяқ жеп, көгеретінімді?

Ішінде ұрпағы бар әйелді — мені — бір басқа әйел үшін ұрып-соқты.

Ол сүйді… шексіз, бала махаббатпен. Көзі артық ештеңе көрмеді.

Сені бәріне кінәлі ету, ұру, қорлау… Артынан кешірім, кешірім, тағы мүмкіндік. Соған сенген шарасыз әйел…

Жанымен қоса мәңгі ұмытылмас жара тәнінде қалды. Ол оны ешқашан ұмыта алмайды. Себебі ол қызға бұған дейін ешкімнің қолы тимеген еді. Сен қол көтерген сәттен бастап ол өшті.

Түсінбеді. Өзін кінәлады. Бақытты әйелдің маскасын киді. Бір күні ол өмірмен қоштасу керектігін түсінді… Себебі жаны қансырап, көмек сұрады.

Мені біреу ұрсын деп бермеп еді ғой… Бақытты боласың деп айтты. Соған сенді. Бірақ бәрі олай емес екен… Көзден от кетті, жаны тілімделді. Сыртқа мықты боп көрінгісі келді. Сені жақсы көргені сонша — “көнем” деді. Көнді… Бірақ өмір бойы көне алмады. Ішіндегі тілімделген әр жасағандары  көз алдында. Ұмыта алмады. Түнде жастық көрді көз жасын. Сен көрмедің. Сен естімедің.

Саған айтса, “жасын сүртудің” орнына:“Аузыңды жап!” дедің. Ол жапты. Өшті. Үнсіз болды. Шарасыз қалды. Ол ештеңені түсінер емес. Неге жала жабылып кеткенін білмеді. Сен секілді қу емес еді. Анқау болып келіп, ақымақ боп кеткенін кім білген?..

ҰЯЛМАЙМЫН ЕШТЕҢЕДЕН!

Ұялып келдім…

Мына жерде денедегі жара жазылғанмен, жүрек пен көңілдің жарасы жазылмай қалды. Қанша ұйқысыз түндер мен күндерім өтті. Бізді ұрып, қорқытып, қорлап, жала жауып, бәрін тартып алу үшін алды ма?!

Публикаға ойнап, 2 қызды ортаға салып, елге бір басқа, маған бір басқа болды.
Мені “жынды”, “жүрісті” етті.

Кім ол? Кім берді оған ондай құқықты? Неге қорқынышпен өмір сүруім керек? Қорлау үшін алды ма?

Елдерге “бір рет ғана ұрдым” деген батыр! Қараңдар, міне шындық!
Ашылу үшін осылай жар салуымыз керек пе?! Неге досың шешеме угроза жасайды?! Неге? Кімсіңдер?!

Мен бақытты өмір сүріп жатқан адамның рөлінде жүргенмен, ішімде не болып жатқанын білсеңіздер ғой…

Маған керегі — тек тыныштық пен бостандық. Өзінен және таныс тамырларынан.

Неге бізді намыссыз етіп, өздері тайраңдайды? Жасырып келдім бәрін. Неге идеальный етіп көрсеттім екен? Жанымды неге түсінбеді?

Нәзік әйел едім…

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар