Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Балқашқа жіберілген жолбарыс алғашқы 10 күнде не жеп, қалай тіршілік етті?

22:15, 20 тамыз 2026

Балқашқа, жабайы табиғат құшағына жіберілген Үміт есімді жолбарыс Қазақстан даласын дүр сілкіндірді. Нағыз жыртқыш алғашқы он күнде қасқыр мен жабайы қабанды қанға ауыз салып, табиғатта еркін тіршілік ете алатынын көрсетті, деп жазады Alash.KZ

Еліміздің жануарлар әлемінде бұрын-соңды болмаған тарихи оқиға орын алып жатыр! Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстан топырағына еркіндікке жіберілген Үміт атты амур жолбарысының алғашқы он күндік тыныс-тіршілігі туралы тың мәліметтерді жариялады.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, айбатты жыртқыш жаңа ортада өзінің мықтылығын бірден дәлелдеген! Тәжірибелі мамандар оның әрбір қадамын, жүрген іздерін өте мұқият зерттеп, бақылау жүргізуде.
 
Жолбарыстың мойнына тағылған заманауи GPS-қарғыбауы оның қай құпия аймақтарда жасырынып жүргенін дәл анықтауға мүмкіндік беріп отыр. Мамандар сол координаталар бойынша арнайы далалық тексеру жұмыстарын ұйымдастырған.
 
Басқарманың таратқан мәлімдемесіндегі мына деректерге қарайық: 
"Алғашқы күндердің өзінде Үміттің өздігінен аң аулай алатыны белгілі болды. Мониторинг барысында оның қасқырды аулап, бірнеше күн бойы сол олжамен қоректенгені анықталды. Кейін жабайы қабанды да ұстаған. Бұл – Үміттің жаңа ортаға бейімделіп, табиғи жағдайда өз бетінше тіршілік ете бастағанының маңызды белгісі"
Қазіргі уақытта ғалымдар мен инспекторлар жолбарыстың қозғалысын тәулік бойы қадағалап, оның Тұран табиғатына сіңісу процесін үлкен қызығушылықпен зерттеу үстінде. Ресми есепте былай деп қуанышпен жазылған:
"Алғашқы 10 күннің нәтижесі Үміттің табиғи ортадағы дербес тіршілікке бейімделу үдерісі сәтті өтіп жатқанын көрсетеді"

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар