Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Балгерге емес, медициналық көмекке жүгінгенде аман алып қалуға болатын еді - сараптама

14:42, 04 сәуір 2024 444

Қуандық Бишімбаевтың бүгінгі сот отырысында Салтанат Нүкенованың мәйітінің сот-медициналық сараптамасының қорытындысы баяндалды, деп хабарлайды Alash.kz.

"Нүкенованың өлімі оң жақ қабырға асты-желке аймағындағы жедел субдуральды гематомамен, кейіннен дислокация синдромының дамуымен және ми бадамша бездерінің саңылау аймағына жарықпен бірге жүретін жабық бассүйек-ми жарақатымен, орталық жүйке жүйесінің функцияларының тоқтатылуына, жүрек қызметі мен тыныс алудың тоқтауына әкелді. Бұл өлімнің тікелей себебі. Мәйіттік құбылыстардың ауырлығына қарай, өлім ұзақтығы бір тәуліктен аз уақыт бұрын болған", - деді Жанна Уразбахова.

Сараптама 2023 жылдың 10 қарашасында өткізілген.

"Бұл жарақаттар, өлімнен бір күн бұрын, доғал қатты заттармен қайта-қайта ұрғаннан болуы мүмкін. Олар денсаулыққа ауыр зиян келтіреді. Қауіптілік критерийі бойынша олардың өліммен тікелей байланысы бар. Медициналық көмекке жүгіну қолайлы нәтиже алу мүмкіндігін арттырар еді. Сондай-ақ сараптама қорытындысына сәйкес, Нүкенованың қанынан есірткі, дәрілік және психотроптық заттар табылмаған. Алкоголь - аз мөлшерде", - деді Уразбахова.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар

Сирия үшін дау

20:41, 07 желтоқсан 2024 254