Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Баласына қазақша сөйлемейтін адамнан қазақ халқы жақсылық күтпеуі керек". Жазушы Арман Әлменбет қазақша сөйлемейтін саясаткерлерді сынады

14:01, 16 шілде 2026

Қоғам белсендісі, жазушы Арман Әлменбет әлеуметтік желідегі парақшасында қазақстандық саясаткерлердің мемлекеттік тілді қолдануына қатысты пікірін жариялады, деп жазды  Alash.kz.

Оның айтуынша, әлеуметтік желіде танымал саясаткерлердің бірінің баласымен бірге түскен видеосын көрген. Белсендінің сөзінше, видеода саясаткер баласымен орыс тілінде сөйлескен.

Арман Әлменбет бұл жағдайға қатысты өз ойын пікірлер бөлімінде жазғанын, кейін сол пікірін әлеуметтік желідегі парақшасында да жариялағанын айтты. Оның айтуынша, көп ұзамай аталған видео өшірілген.

Белсенді мемлекеттік тілді отбасында қолданудың маңызын атап өтіп, баласына қазақ тілін үйретпейтін адамның қоғамдағы тіл мәселесіне қатысты ұстанымы туралы өз көзқарасын білдірді.

Сонымен қатар, Арман Әлменбет бұл жазбасының белгілі бір адамға қарсы бағытталмағанын жеткізді. Оның айтуынша, мақсаты – қоғамдағы мемлекеттік тілдің қолданысына қатысты пікір білдіру ғана.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар