Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Балаларым өзіме ұқсамайды, әйелімнен күдіктенемін": "Шаншардың" әртісі құпиясын ашты (ВИДЕО)

14:22, 20 тамыз 2025 393

"Шаншар" театрының актері Ғалымжан Қаппаров бір сұхбатында отбасылық өміріндегі қызық оқиғаларымен бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz.

Актердің айтуынша, төрт ұлы бар, бірақ олардың ешқайсысы өзіне ұқсамайды. Бұл туралы ол YouTube-тегі "3D әңгіме" бағдарламасында айтып берді.

"Төрт ұлым бар. Ең қызығы – олардың ешқайсысы маған ұқсамаған. Төртеуінің де өңі ашық, өзі жіңішке келген. Үйге келген кісілердің бәрі: "Балаларың саған мүлде ұқсамайды ғой" деп айта береді. Адам әр жолы сол сөзді естігенде біртүрлі күйге түседі екен.

Кейде өзім де әйелімнен күдіктенгендей болдым. Бірақ күдіктенуге еш негіз жоқ еді – ол күндіз де, түнде де жанымда. Төрт ұлдан кейін арнайы туу күнтізбесін қолданып, қыз күткенбіз. Аллаға шүкір, қазір өзімнен айнымайтын қызым бар. Өзім оны қалжыңдап "Тайсонның қыз нұсқасы" деп атаймын", – деп әзілдеді Ғалымжан Қаппаров.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар