Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Балаларға бұндай әке керек емес:Сот Бишімбаевты әкелік құқықтан айырмады

13:24, 12 қараша 2024 349

Сот Бишімбаевты ата-ана құқығынан айырудан бас тартты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Ulysmedia.kz порталының мәліметінше, сот тағы да Қуандық Бишімбаевті ата-ана құқығынан айырудан бас тартты. 12 қарашада Астанада экс-министрдің бұрынғы әйелі Назым Қахарманның апелляциялық шағымы қаралды.

Назым Қахарман өзінің бұрынғы күйеуі Қуандық Бишімбаевтың резонансты ісі жайлы Қазақстан түгілі басқа мемлекеттер білетінін айтады. 

Бұл жайт балаларының болашағына теріс әсер етуі мүмкін деп болжайды.

– Бүкіл Қазақстан мен басқа елдегі адамдар "Бишімбаевтің ісін" бір кісідей біледі. Салтанат Нүкенованың өлімінен кейін біз мәселенің моральдық негізіне тағы да назар аударғымыз келеді. Мұндай адамгершілікке жатпайтын әрі ауыр қылмыс жасаған адамды әке деп атауға бола ма, ол балаларға ықпал етуі керек пе? Біздің ойымызша, жауап айқын — мұндай адам әке мен ата-ана мәртебесіне ие бола алмайды, - деді ол.

Осы айтылған жағдайларға қарамастан, аппелияциялық алқа бірінші сатыдағы шешімді өзгеріссіз қалдырды. Отырыс жабық форматта өтті.

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар