Асхат Аймағамбетов балаларға қазақша мультфильм көбірек түсіру керектігін алға тартты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Ulysmedia.kz жазуынша, депутат Асхат Аймағамбетов балалар контентін жасау, оны желіге жүктеу мәселесін көтеріп, ол мақсатта жоспарланып отырған жұмыстар туралы айтып берді.
Депутаттың айтуынша, қазақ тіліндегі мультфильмдер өте аз, ал YouTube сияқты қолжетімді платформаларда мүлде жоқтың қасы.
“Бүгінгі күні бұл үлкен мәселе, өйткені балалар теледидардан гөрі интернет пен YouTube-ты көбірек таңдайды. Балалар “Синий трактор” мен “Маша и Медведь” сияқты мультфильмдермен шектелмей, сапалы әрі қызықты қазақша мультфильмдерді көруі тиіс” деді депутат телеграм арнасында.