Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Байланысқа шықты": Грузияға ұшып кеткен соң хабарсыз кеткен Ақтаулық жігіт жайлы тың дерек шықты

16:05, 27 тамыз 2025 213

"Lider.kz" өкілдері бір апта бұрын Грузияда жоғалып кеткен 20 жастағы Данияр Жақсылықты іздеу жұмыстары тоқтатылғанын хабарлады, деп Alash.kz ұлттық порталы Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Дереккөздің мәліметінше, олар ресми органдардың растауынсыз оқиғаның мән-жайын толық айта алмайтындарын атап өтті. Дегенмен, еріктілер жоғалған жігітке қатысты жағымды жаңалықты мәлімдеді.

Бұл жағдайға қатысты аймақтық полиция департаментіне сілтеме жасаған Lada.kz жас жігіттің өзі туыстарымен байланысқа шыққанын хабарлады.

Құзырлы орган өкілдерінің айтуынша, оның жағдайы жақсы, ол ресми түрде іздеуден алынды.

Еске сала кетейік, 20 жастағы Данияр Жақсылық Ақтаудан түнгі рейспен Грузияға ұшып барған соң байланысқа шықпай қалған болатын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар