Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Автобус апатқа ұшырап, 8 адам қаза тапты - 20 адам ауыр жағдайда

Автобус апатқа ұшырап, 8 адам қаза тапты - 20 адам ауыр жағдайда

Түркияда туристер мінген автобус апатқа ұшырады. Салдарынан 8 адам қаза тауып, 20 адам жарақат алды, деп хабарлайды ALASH.KZ Azattyq Rýhy сайтына сілтеп.

Оқыс оқиға Түркияның солтүстік-батысындағы Чанаккале провинциясында болды.

Turknws мәліметінше, жолаушылар автобусы, жүк көлігі және жеңіл көлік қақтығысқан.

Салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі мен автобустың жеті жолаушысы қаза тапты (бесеуі – оқиға орнында, үшеуі – ауруханада), 20 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды.

Жол апаты жүк көлігі аударылып кетіп, қарсы жолаққа шығып кеткеннен кейін болғаны атап өтілді.

Оқиғаға байланысты тергеу жүріп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 1
  • 1
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар