Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ауыз менікі деп оттай бермеңіздер: Жанар Айжанова өзін сөккен халыққа қатты айтты

14:51, 18 қазан 2024 6445

Белгілі әнші Жанар Айжанова ел арасында «Хутор бандасы» атанған, Шерзаттың ісі бойынша аты дауға қалған Хасан Қасымбаев туралы  айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында:

Құрметті ағайындар, ауыз менікі деп оттай бермеңіздер. «Хасан деген пәле болды. Қай жылы, қай жерде суретке түскенін білмеймін, желкеме келіп түсіпті. Мен енді арқамнан келіп суретке түскен адам үшін жауап бермеймін ғой. Оның маңдайында не деп жазылып тұрғанын қайдан білейін?

Суретке түссе, түсті, түспесе көкірек дейсіңдер. Құдіретерің жетсе, сол Хасан сайрап отыр ғой: «Үш баланың әкесімін, өзіммен өзім жүрген адаммын» деп, соның қол-аяғын байлап алып келіңдерші алдыма. Оған да айтамын айтарымды» дейді.

Айжанованың айтпағы, Хасан үш қайнаса сорпасы қосылмайтын бөтен адам, әнші оны танымайды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар