Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ауыс-түйіс: Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының әкімін тағайындады

11:04, 04 қыркүйек 2026

Шыңғыс Сайранұлы Әрінов Алматы облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Alash.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Шыңғыс Сайранұлы Әрінов Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды», – делінген Ақорда хабарламасында.

Шыңғыс Әрінов әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетін тәмамдаған. Сондай-ақ Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы мен Азаматтық авиация академиясында білім алған.

Ол 2006-2022 жылдар аралығында Мемлекеттік күзет қызметінде түрлі офицерлік және басшылық қызметтер атқарды.

2022 жылы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Президент күзеті қызметінің бастығы болып тағайындалды. Шыңғыс Әрінов – Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры.

2024 жылғы ақпанда ол Төтенше жағдайлар министрі қызметіне тағайындалып, бұл лауазымды 2026 жылғы тамызға дейін атқарды.

Енді Шыңғыс Әрінов Алматы облысын басқарады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар