Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ауғанстан болып кетпейік": Ақтөбеде қыздарға арналған жекеменшік мектептің ашылуы желіде талқыға түсті.

18:30, 20 қыркүйек 2024 600

Ақтөбеде 400-ден аса қыз бала ер адамдар кіруге рұқсат етілмейтін ерекше мектепте оқиды. Бұл орамалды оқушылардың білім алуы үшін жасалған екен деп хабарлайды Alash.kz .

"АУҒАНСТАН БОЛЫП КЕТПЕЙІК":

АҚТӨБЕДЕ ҚЫЗДАРҒА АРНАЛҒАН ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕПТІҢ АШЫЛУЫ ЖЕЛІДЕ ТАЛҚЫҒА ТҮСТІ.

Ақтөбеде қыздарға арналған жекеменшік мектептің ашылғаны туралы видео пайда болды. Мұнда "Ауғанстан болып кетпейік" деп жазылыпты.

"Бұл - жеке мектеп. Лицензия алдық. Білім басқармасы хабардар. Ашылу салтанатын өткіздік. Облыстық білім басқармасы, қалалық білім бөлімінен қызметкерлер және осы ауданға жауапты депутат келді. Тығылып жұмыс істеп жатқан жоқпыз. 1 қыркүйекте 1 және 9-сынып оқушылары келді. Соны біреу түсіріп "Ауғанстан болдық" деп салған. Мектеп стандартқа сай оқытылады",- деп мәлімдеді Атамекен мектебінің директоры Винера Жолдыбаева.

Қыздар мектебі 1 қыркүйекте ашылды. Бұрын қалада қыздарға арналған "Құнан" мектебі болған. Білім ошағы жабылып, орнына Атамекен ашылыпты.

"Мектеп формасына қойылатын талаптар орындалады. Оқу бағдарламасы білім стандартына сай жүргізіледі. Оқушылар сырттан орамал тағып келгенімен, ішке кіргенде шешеді. Сабақта орамалсыз отырады. Мектеп қабырғасында ішкі талап ережелері толық сақталады. Орамал киетін мұғалім жоқ деп айта алмаймын. Ондай мұғалімдер бар. "Құнан" мектебінен келген 7 мұғалім бар. Бірақ мектеп ішінде ол кісілер орамал кимейді. Мұғалімдер де мектеп формасын сақтайды. Оқушылар арасында орамал тағатын және тақпайтын қыздар бар. Мектеп тек Ақтөбе облысының балаларына арналған. Сұраныс көп", - деді директор.Жеке мектепте 1-9-сынып арасындағы 430 бала екі ауысыммен оқиды. Мұнда баласын оқытуға әкелген ата-ана әр бала үшін айына 30 мың теңге төлеуге тиіс. Көпбалалы, ерекше бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға жеңілдік бар. Мектеп директоры білім беру мекемесінде оқушылардың намаз оқымайтынын, онда намаз оқитын орынның жоқ екенін айтты.

Ақтөбе облыстық білім басқармасы жеке "Атамекен" мектебінің 1 қыркүйектен бастап жұмыс істейтінін растайды. Мектептің материалдық базасы толық жабдықталғанын жеткізді.

"Білім алушылар Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 "Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы" бұйрығының талаптарын орындап отыр. Мектептегі оқу-тәрбие процесі оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамызда бекітілген "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" №348 бұйрығына сәйкес жүргізіледі", - деді Ақтөбе облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар