Атырауда бес адам жігітті аяусыз соққыға жықты, деп хабарлайды Alash.kz Stan.kz сайтына сілтеп.
Ер адам жерде, соққыны ауырсынып жатса да олар ұрып-соғуды тоқтатпады. Бұзақылардың бірі оның басына соққы жасаған.
Кейін зардап шеккен ер адамның түрлі дене жарақаттармен ауруханаға барғаны белгілі болды.
Алайда полцияға арыз түсірмеген. Құзырлы органдар болған жағдайға қатысты тексеріс жүргізіп жатыр.