Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Атырау облысында жалған доллар сатқан күдікті ұсталды

19:04, 20 наурыз 2025 383
Атырау облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасы кезінде 50 АҚШ долларын сатумен айналысқан 24 жастағы ер адамды анықтады, деп жазады Alash.kz.
 
Тінту кезінде күдіктіден жалпы сомасы 8 750 АҚШ долларын құрайтын 175 дана жалған 50 долларлық купюра табылып, тәркіленді. Сол сияқты оның шет мемлекеттерден көлік әкеліп, сататындығы анықталды.
Qaz365.kz телеграм арнасы жазғандай, қазіргі таңда күдіктінің жалған ақша қаражаттарын қайдан алғаны және қайда өткізбек болғаны тексеріліп жатыр.

Күдіктіге қатысты шетел валютасын немесе шетел валютасындағы бағалы қағаздарды өткізу мақсатында жасау немесе сақтау, өткізу бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар