Атырау облысында 2024 жылы 127 қыз бала жүкті болған, деп хабарлайды Alash.kz.
Қазіргі болашақ аналардың басым бөлігі Атырау қаласы мен Жылыой ауданында тұрады. Өңірдің медициналық қызметі мұндай жағдайлар көбінесе 17 жастағы қыздар арасында кездесетінін атап өтеді.
127 жүкті қыздың сегізі түсік жасатуға шешім қабылдаған, 70-і аман-есен босанған. Қалғандары әлі де өз мерзімдерін күтуде.
Өкінішке қарай, Атыраудағы «Бөбектер үйіне» жаңа туған нәрестелер тұрақты түрде түсіп жатады. Дегенмен, бір қызық жайт бар: 2020 жылдан 2024 жылға дейін бірде-бір кәмелетке толмаған ана баласын мемлекеттің қарауына тапсырмаған. Мұны саналы, ересек әйелдер жасаған. Мәселен, 2021 жылдан бері балалар үйіне 11 нәресте өткізілген.