Белгілі актер Қайрат Әділгерейдің жары Атырау әкімдігіне қатысты шындықты жайып салды, деп жазады Alash.KZ.
Актердің әйелі Бақыт Тұрман Атырау күніне арналған концертке шақыртылып, кейін тізімнен сызылып қалған, тіпті, оны шақырған әкімдік қызметкерлері қала күні өтпейтін болды деп өтірік айтқан.
Ол Атырау қаласының туған күніне арналған үлкен концертке 1.5 ай бұрын шақырту алып, құжаттар өткізіп, дайындалып жүрген. Алайда концертке 4-5 күн қалғанда “болмайды” деген хабар алған.
Кейін концерттің өткенін және өзіне шақырту болмағанын білген соң, Instagram-да ренішін білдіріп, ұйымдастырушыларды “сатқындық жасады” деп айтты.