Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Атырауда ТЖ режимі жарияланатын болады" - Қанат Бозымбаев

18:16, 06 сәуір 2024 418
6 cәуір күні Атырауға жұмыс сапарымен Қанат Бозымбаев барды. Вице-премьер жедел штабтың отырысын өткізіп, қалада ТЖ режимі жарияланатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Ресейдегі су тасқыны, Атырау облысындағы қызыл суға қарсы іс-шаралар барысында және Жайық өзеніндегі су бөгеттерін нығайтуға байланысты төтенше төтенше жағдай жарияланды. 

"Менің ойымша, біз бірінші кезекте Атырау қаласында ТЖ режимін жариялайтын боламыз. Құлсары қаласында қалай жарияланды, тура солай Атырауда да жарияланады. Бірақ адамдар сары уайымға салынбасын. Бүгін біз Жайық өзеніндегі су тасқынына қарсы күрес жоспарын жасайтын боламыз. Себебі қазір Ресей Федерациясынан келіп жатқан су 3 мың текше метрді құрайды, ал болашақта ол 4-4, 5 мыңға жетуі мүмкін. Осы жағынан алғанда, бұл судың Атырауға жетуіне 20 шақты күн бар. Сондықтан біз барлық бөгеттерді нығайтып, қажетті арналарды қазып, суды Атырауға жетпейтіндей қам жасауға дайын болуымыз керек", - деді Премьер-министрдің орынбасары Бозымбаев.
Бұған дейін Қанат Бозымбаев тікұшақпен Атырау облысындағы су басқан елдімекендерді бақылап, әуеден шолып шыққан еді.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар