2026 жылдың тамызында Күн мен Ай тұтылады. Астрологтар маңызды шешімдерді кейінге қалдыруға кеңес береді, деп хабарлайды ALASH.KZ.
2026 жылдың тамызы астрономиялық оқиғаларға бай болмақ. Осы айда бірден екі тұтылу – толық Күн тұтылуы мен жартылай Ай тұтылуы болады.
Астрологтардың айтуынша, бұл кезең маңызды шешімдер қабылдауға қолайсыз саналады.
Тамыз айындағы Ай фазалары төмендегідей болады:
- 6 тамыз – соңғы ширек;
- 12 тамыз – жаңа Ай және толық Күн тұтылуы;
- 20 тамыз – алғашқы ширек;
- 28 тамыз – толық Ай және жартылай Ай тұтылуы.
Астрологияда екі тұтылудың арасындағы уақыт «тұтылу дәлізі» деп аталады. Мамандардың пікірінше, бұл кезеңде оқиғалар күтпеген бағытта өрбуі мүмкін, ал асығыс қабылданған шешімдердің салдары бірнеше аптадан кейін байқалады.
Психолог, эзотерик әрі энергопрактик Ольга Черемнованың айтуынша, 10–13 тамыз және 26–29 тамыз аралығы ең қолайсыз кезең саналады. Бұл күндері маңызды келісімшарттарға қол қою, ірі сатып алулар жасау немесе тәуекелі жоғары істерді бастау ұсынылмайды.
Ал 15–24 тамыз аралығы, керісінше, ең қолайлы кезең ретінде бағаланады. Астрологтың пікірінше, дәл осы күндері жаңа бастамаларды қолға алып, жеке жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік мол болады.
Айта кетейік, астрологиядағы мұндай болжамдардың ғылыми дәлелі жоқ және олар жеке сенім мен көзқарасқа негізделген.