Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астанадан әкесі алып кеткен соң көз жұмған: Қостанай облысындағы бүлдіршін өлімінің мән-жайы ашылды (ВИДЕО)

11:48, 31 қазан 2026

Қостанай облысының Құсмұрын кентінде 5 жасар баланың өліміне қатысты жаңа деректер белгілі болып, аталған сұмдық жайт бойынша адам өлімі бабымен тергеу амалдары жүріп жатыр, деп хабарлайды Alash.kz.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері бүлдіршіннің басы мен денесіндегі ауыр жарақаттардан көз жұмғанын тіркеді. Алғашқыда бұл жайт жазатайым оқиға ретінде қарастырылғанымен, мәйітті тексеру барысында зорлық-зомбылық белгілері анықталған.

КТК телеарнасының мәліметінше, марқұм бала бұған дейін Астана қаласында әжесінің бағуында өскен. Дегенмен шамамен алты ай бұрын туған анасы ата-аналық құқығынан айырылған соң, әкесі әжесінің қарсылығына қарамастан, баланың тұрғылықты жерін заңды түрде өз атына анықтап, оны Құсмұрынға алып келген. Онда ол екінші жұбайымен және басқа де балаларымен бірге тұрып келген.

Осы оқиғаға қатысты Қостанай облысындағы бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Несібелі Басенова арнайы түсініктеме беріп, өзінің төл сөзінде былай деді:

— Әкесі баланың тұрғылықты жерін анықтап, оны өзіне алып кеткен. Отбасы көпбалалы, негізінен қолайлы деп саналған. Бұған дейін бұл отбасына арнайы барып, қосымша тексеру жүргізуге негіз болған жоқ. Бірақ біз барлық мән-жайды әлі де тексеріп жатырмыз.

Қазіргі таңда Қостанай облысының прокуратурасы аталған қылмыс бойынша күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді, алайда оның марқұммен қандай туыстық қатысы бары әлі нақтыланған жоқ. Жауапты органдар қайғылы жағдайға дейінгі отбасы ішіндегі қарым-қатынастарды, бүлдіршіннің өмір сүру жағдайын егжей-тегжейлі тексеру үстінде. Күдіктінің кінәсі соттың заңды үкімімен толық дәлелденеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар