Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астанада лифтіде жасөспірім оқушының бетін бірнеше жерден пышақпен тілді (ВИДЕО)

20:51, 11 ақпан 2025 1316

Елордадағы тұрғын үй кешенінің лифтінде сұмдық жағдай орын алды, деп хабарлайды Alash.kz.

Видеода ер адам баланы лифт ішінде ұстап тұрып, кейін пышақ шығарып, оның бетіне бірнеше рет соққы жасап, қашып кеткені көрінеді.

Баланың анасының айтуынша, ұлы дүкенге шығып, қайтып келген кезде бетінің сол жағы кесілген жараларға толы болған.

Қазір Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті мен денсаулық сақтау басқармасының ресми түсініктемесі күтілуде.

Жарақат алған бала бетінде көптеген кесілген жаралары бар күйде №2 көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Оны травматолог пен жақ-бет хирургі тексерді.

Бала ауыр жағдайда, ол жақ-бет хирургиясы бөлімшесіне жатқызылды.

Шабуыл жасаушы – кәмелетке толмаған жасөспірім. Ол ұсталды. Астана полиция департаментінің мәліметінше, күдікті психоневрологиялық диспансерде есепте тұр.

Құқық қорғау органдары оны жауапкершілікке тарту үшін заңды өкілдерін полицияға шақырды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар