Астанада жол апатынан қаза болған жеті жасар қыз баланы жүк көлігі қағып кеткен. Қалалық полиция департаменті оқиғаның мән-жайын баяндады, деп хабарлайды Alash.KZ.
Бала өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
«Бейсекбаев көшесімен келе жатқан жүк көлігінің жүргізушісі Кенесары көшесімен қиылыста бұрылып жатып кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткені анықталды.
Бала бағдаршамның жасыл шамы жанып тұрғанда жолдан өтіп бара жатқан. Жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты.
Тергеу жүріп жатыр. Жүргізушіге қатысты бұлтартпау шарасы таңдалуда», - делінген хабарламада.
Астана полициясы жүргізушілер жылдамдық режимін үнемі сақтауға, қиылыстар мен жол өткелдерінде мұқият болуға міндетті екенін ескертті. Ал ата-аналарды кішкентай балаларын қараусыз қалдырмауға кеңес берді.