Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астанада бала зорлады деген күдікке ілінген Қорғаныс министрлігінің қызметкері ұсталды

20:07, 19 желтоқсан 2024 377

Астанада Қорғаныс министрлігі Ақмола гарнизонының әскери қызметкері 8 жастағы балаға сексуалды зорлық көрсетті деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Alash.kz порталы  turkystan.kz порталына сілтеп.

Бүгін Ішкі істер министрлігі фактіні растады. Министрдің орынбасары Санжар Әділовтың айтуынша, әскери-тергеу басқармасы әскери қызметшілердің біріне қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

Кәмелетке толмаған жасөспірімге қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен сот санкциясымен оқуда жүрген Қорғаныс министрлігі ақмолалық гарнизонының әскери қызметшісі ұсталып, қамауға алынды, — делінген министрлік таратқан хабарламада.

Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Сондай-ақ, Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайтынын еске салды. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар