Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астанада автобустарындағы жол ақысын төлемеген жолаушыларды енді камералар анықтайды

17:01, 13 маусым 2024 366

«City Transportation Systems» ЖШС «Астананың қоғамдық көлігіндегі бейнеаналитика жүйесі» инновациялық жобасын іске қосады, деп хабарлады елорда әкімдігі.
Жобаның мақсаты - жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту, билетсіздер санын азайту және қоғамдық көліктердегі қауіпсіздікті арттыру, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Арнайы қондырғы камералар кірген жолаушылардың санын есептеп, төлем туралы мәліметтерді салыстырады. 

"Жобаның пилоттық кезеңі аясында 2 мамырда №24 маршруттың бір автобусында нақты уақыт режимінде деректерді талдауға мүмкіндік беретін камералар, роутерлер және борттық компьютер орнатылған. Әр есікке қарама-қарсы орналасқан камералар кірген жолаушылардың санын есептеп, төлем туралы мәліметтерді салыстырады. Бұл билетсіз жолаушылар санын, маршруттың уақыты мен учаскелерін дәл анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар нақты уақыттағы ақпарат CTS көліктік бақылау департаментіне түседі", – делінген хабарламада.

Бейнебақылау пилоттық жобасы іске қосылған сәттен бастап бір автобуста жүйемен 2 мыңнан астам билетсіз жол жүру жағдайы анықталды. Бұл пилоттық жоба болғандықтан, жолаушыларға айыппұл салынбаған.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар