Астанада әйелімен ренжісіп, кейін көпқабатты ғимараттың төбесіне шыққан 36 жастағы ер адам бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Aikyn.kz хабарлауынша, оның биік ғимараттың төбесінен аяғын салбыратып отырғаны жұртты шошытты.
Полиция департаментінің хабарлауынша, ер адамға қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалған. Сот ер адамға бес тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасын тағайындады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға ер адамның әйелімен болған жанжалынан кейін болған.