Астанада атыс клубтарының бірінде суицид болды, деп хабарлайды Alash.kz.
Әлеуметтік желілерде 19 жастағы астаналық жігіттің тұрақты клиенттердің бірі ретінде атыс клубына келіп, қарудан өз-өзіне оқ атқаны туралы ақпарат пайда болды.
«Елордада 19 жастағы тұрғынның мәйіті табылғаны бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта болған жағдайдың барлық мән-жайын объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады полиция өкілдері.