Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Астана әкімдігі гомосексуалдар арасында вирустың алдын алу шараларына 15 млн тг бөлді

18:00, 08 сәуір 2025 587

Астанада ЕЖЕ тобына арналған 15 миллион теңгелік АИТВ-ның алдын алу жобасы іске қосылды, деп хабарлайды ALASH.kz 

Қазақстанда гейлер мен ер адаммен жыныстық қарым-қатынасқа түсетін басқа да ер адамдар арасында АИТВ жұқтырудың жаңа жағдайларының саны артып келеді.

Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы еркектермен жыныстық қатынасқа түсетін ерлер (ЕЖЕ) арасында АИТВ-ның алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға арналған конкурс өткізді.

Бұл бағытқа 15 миллион 714 мың теңге бөлінген.

Конкурсқа үш ұйым қатысып, нәтижесінде жеңімпаз ретінде Астана қаласында орналасқан “Human Health Institute” Қоғамдық бірлестігі анықталды.

Қызмет аясында конференциялар, семинарлар, форумдар және басқа да профилактикалық іс-шаралар өткізу жоспарланған. Жоба индикаторы — 560 ЕЖЕ адамды қамту.

Жеткізуші ұйым кемінде 8 аутрич-жұмыскерді тартуы тиіс, ал әрқайсысы жыл соңына дейін 70 адамға дейін профилактикалық бағдарлама ұсынуы қажет.

Бұл бастама АИТВ-ның алдын алу мен халықтың осал топтарын ақпараттандыруды мақсат етеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар