Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Аруақ қолдап, тәңір жебеп, елге оралыңыз: Ермұрат Бапи шұғыл Еуропаға аттанды

16:41, 13 шілде 2024 1080

Әлеуметтік желіде танымал, қоғам белсендісі Бурахан Дағанов өз facebook парақшасында Ермұрат Бапимен түскен суретін жариялап, депутаттың жағдайы туралы баяндады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Ол өзінің жазбасында Ермұрат Бапидің әркез бастамаларына бірінші боп қолдау көрсететін жан екенін атап өтті.

Ермұрат ағамды денсаулығына байланысты Еуропаға алып кетті деп еді. 5 күннен бері фбсына ештеңе салмады. Ватсабына жазсам хат бармайд. Қал жағдайын біле алмай отырмын. Аман есен елге оралса екен.

Жалпы, Ер ағаны қатты құрметтеймін. Заманында, Солтүстікке көшіп, көшке себімді тигізем дегенде ең бірінші қолдағандардың бірі ед. Әлі күнге дейін барынша қолдап, хабарласып, ақыл кеңесін айтып тұрады.

Қысқасы, мені, "TAUEKEL" ді тіреп тұрған ағалардың бірі осы десем артық айтқаным болмас. Енді міне, сәл ауырыңқырап қалғанға ұқсайды. Хабарласа алмай алаңдап қалдым. Аруақ қолдап, Тәңір жебеп елге есен аман оралыңыз. Сіз секілді ағалар біздің елге, мына біз секілді жастарға керек. Бар болыңыз Ераға!,-деді ол өз жазбасында.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар