Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Арман Дүйсеновтің ұлы Абылай Арманұлының өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды

13:13, 09 қазан 2024 959

Марқұм Арман Дүйсеновтің ұлы Абылай Арманұлының өліміне байланысты полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы  Kaz.Tengrinews порталына сілтеп. 

“Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр”, – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, қазақстандық танымал композитор марқұм Арман Дүйсеновтің ұлына қастандық жасалғаны туралы ақпарат жиі айтылып жатыр.

Әлеуметтік желіде халыққа танымал өнер қайраткерлері композитордың отбасына көңіл айтып жатыр. Әнші Мақпал Жүнісова композитордың ұлын біреулер қастандықпен өлтіргені туралы жазған еді.

“Марқұм Арман Дүйсеновтің тұңғышы Абылай Арманұлын біреулер қастықпен өлтірді деген суық хабар жетті. Иманы саламат болсын, өлтірген адамды тауып жазасын беру керек. Айсұлу айналайын, Алла сабыр берсін, кеше ұшып кетіп едім, туғандарына, анасына, қарындасы мен бауырына қайғырып көңіл айтамын”, – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар